помогитеееееее срочно ​
Ответ
5 (1 оценка)
1
karabm 2 года назад
Светило науки - 49 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Объяснение:

1. «Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы 1996 жылы 10 сәуірде ұйымдастырылды. Ұлттық саябақтың территориясы 520,2 мың га жерді алып жатыр. Саябақта таулы аймақ, құмды шөлді аймақ, жазық далалы аймақ, қырлы-жоталы аймақ және топырақты далалы аймақ бар.

2. Әнші құм. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі.  

3. Ол Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Көлемі үлкен емес, ұзындығы – 60 метр, ал ені – 40 метр ғана. Соған қарамастан, бұл көл – республикалық маңызы бар табиғи ескерткіштердің бірі болып табылады. Теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Бір қызығы, ғалымдар Шайтанкөлді әлі күнге дейін зерттеген жоқ. Жаңбыр жауса да, қар ерісе де, мұндағы су деңгейі ешқашан төмендемейді және көтерілмейді. Судың химиялық құрамы және тереңдігі белгісіз.

4. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.