\"Тәуелсіздік менің бақытым\" эссе​
Ответ
0 (0 оценок)
0
raxa8383 2 года назад
Светило науки - 1 ответ - 0 раз оказано помощи

Ответ:

1991 жылы – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шыкты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық ,саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және экономикамыздың  жедел қарқынмен даму –қазіргі  таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап,Тәуелсіздікке  зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Объяснение: